Кітапхана » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы үзілісте 5 минут кітап оқу
04
сәуір
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы үзілісте 5 минут кітап оқу
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «5 минут кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары QR-код арқылы оқыса, орта сыныптар кітапханшы дайындаған кітаптарды оқыды. Шараның мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында
Б.Соқпақбаев " Менің атым-Қожа" . Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 5 сынып оқушыларымен талдау.
27
наурыз
2024
Б.Соқпақбаев " Менің атым-Қожа" . Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша
Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым – Қожа» атты оқырман қауым арасына кең тараған повесі еніп отыр. Онда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген. Кітап барша оқырманға арналады.
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.
06
наурыз
2024
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.
Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл — кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт — дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. 
Алғыс айту — парызым!
01
наурыз
2024
Алғыс айту — парызым!
1-ші наурыз күні Көктемнің алғашқы күні кітапxанадағы жұмыс күні амандасу мен алғыс сөздер айтудан басталды. Кітапxанашы оқырмандарын алғыс күнімен кітап көрмесінің қасында қарсы алды. Оларға кең көлемді кітап көрмесін таныстырып, ауыл тариxы туралы кеңінен әңгімеледі. Оқырмандарымыз мерекеге сай викториналық сұрақтарға жауап беріп,өздерінің алғыс сөздерін айтып сыйлықтарға ие болды. Олар достық үшін раxмет, ата-анама, барлық Қазақстандықтарға тыныштық пен бірлік үшін раxмет, туған өлкемізге
«Мұқағали Мақатаев – 91 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
06
ақпан
2024
«Мұқағали Мақатаев – 91 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 Ол – қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген, өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтерген ақын. Ақынның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының парасатын кемелдендіре түсті. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен мәңгілікке орын алған.
Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы
12
қаңтар
2024
Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы
Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу – рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да керемет пайдалы екендігін дәледеніп отыр.  Медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл дене организмдеріне тікелей әсер етеді делінген. Сол үшін де биология саласында «үздіксіз қозғалыстағы клетка жасарып отырады дейтін» көзқарас бар.
«Кітапхана, кітап және мен – жақсы достармыз»
19
желтоқсан
2023
«Кітапхана, кітап және мен – жақсы достармыз»
1-4,5-11 сыныптар аралығында ең үздік оқырман сайысы, және кітаптар апталығы өтілсе, сол апталыққа белсене атсалысқан оқырмандар марапатталды. 
«Тәуелсіздік Қазақстанның сан ғасырлық арманы»
15
желтоқсан
2023
«Тәуелсіздік Қазақстанның сан ғасырлық арманы»
Тәуелсіздік мерекесінің мәнін түсіндіру, тарихқа үңілу арқылы ата-бабамыздың аңсаған арманының орындалып, бейбіт күнде өмір сүріп жатқандығына мақтану, патриоттыққа, елін, жерін сүюге баулу 
Үзіліс кезінде кітап оқу
08
желтоқсан
2023
Үзіліс кезінде кітап оқу
Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті болып саналады.
"Көркем әдебиет әлемінде" тақырыбында 5-6 сынып білім алушыларымен
05
желтоқсан
2023
"Көркем әдебиет әлемінде" тақырыбында 5-6 сынып білім алушыларымен
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханасында "Көркем әдебиет әлемінде" тақырыбында  5-6 сынып білім алушыларымен саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты:кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, кітапқа деген ерекше көз қарасын қалыптастыру,ой-өрісін кеңейтіп, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.   
«Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап», – деген Ахмет Байтұрсынұлы.
28
қараша
2023
«Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап», – деген Ахмет
Кітап – оқу-білім мен ақпарат алудың, рухани-адамгершілік тұрғысынан тұлғаны үйлесімді және дәйекті түрде қалыптастыру мен жетілдірудің ең тиімді құралдарының бірі.  
«КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
22
қараша
2023
«КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руаханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына айналған кітапханалар руханияттың ордасы. Алайда, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастар сиреп барады. Сондықтан, жас ұрпақты кітап оқуға баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру басты мәселесіне айналды.  
"Кітапхана — ұлтық тәрбиесінің қайнар көзі"
20
қараша
2023
"Кітапхана — ұлтық тәрбиесінің қайнар көзі"
«Көп оқитын сынып», «Сыныптың ең үздік оқырманы» мониторинг жүргізу арқылы озық оқырмандарды анықтау шараларын ұйымдастыру 
Кітапхана пән мұғалімдермен тығыз байланыс
08
қараша
2023
Кітапхана пән мұғалімдермен тығыз байланыс
Кітапхананың негізгі міндеті – білімділік, ақпараттық, мәдениеттік. Кітапхана  пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектеп іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада,  ғылыми конференция,  ашық сабақ, семинар, педкеңес, әдістемелік отырыс,  жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады. Тәрбиелік жұмысының негізгі бағытында  керекті әдебиет, газет және журнал мақалалар табуға жетекшілік етеді.Кітап қорында жоқ
"Күзде біз жалықпаймыз,кітап оқимыз"
03
қараша
2023
"Күзде біз жалықпаймыз,кітап оқимыз"
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Каникулда кітап оқимыз» марафонына белсене қатысқан оқушылар. Демалыс уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға арнағанын айтады. Әр оқыған қызықты ертегілері мен әңгімелерінен түйген ойларымен өз достарымен бөлісті. - Көп оқыған бала көп біледі дейді. Оқыған кітаптарынан өздері кітап оқу күнделіктерінде жүргізген. Осындай пайдалы іспен айналысқандарын сыныптастарымен бөліскенді жөн көрді.
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық   кітапханасында Қазақстанның халық  жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100  жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты  республикалық ғылыми-теориялық конференц
27
қазан
2023
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстанның
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық   кітапханасында Қазақстанның халық  жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100  жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты  республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті,"Балдырған" журналы 65 жыл толды.