Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУШЫНЫ ӨЗ БЕТІМЕН КІТАП ОҚУҒА ҮЙРЕТУ, ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
18
сәуір
2024

ОҚУШЫНЫ ӨЗ БЕТІМЕН КІТАП ОҚУҒА ҮЙРЕТУ, ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап. Кітапсыз тәлім-тәрбие мен ілім-білімнің орны бос қалатыны бесенеден белгілі. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы». Осы бір аталы сөз қай ғасырда, қай заманда болмасын өз құнын жойған емес. Бүкіл адамзат тарихында көне дәуірлерден сақталып келе жатқан тастағы таңбалардан бастап, көптеген жазу-сызулар арқылы бізге жеткен асыл мұралар, ақыл-ой, ғылым-білім қазыналары кітап арқылы игілігімізге асуда. Кез келген  жеке тұлғаның білімі мен танымының, ой-өрісі мен сана-сезімінің  дамуына кітаптың ұланғайыр әсер ететінін айтып жатудың өзі артық болар. Бұлақтың дарияға бет алғанындай, әліппеден бастау алатын білім кілті кітап – оқимын деген адамның сенімді серігіне, айнымас досына айналары сөзсіз. Кітаптардың құдіретті күшін жеке адамдар ғана емес, өркениетті мемлекеттер де жоғары бағалаған, аса маңызды саясат деп қараған.