Кітапхана » Страница 2 » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 сынып оқушылары кітапхананың ережесімен тастырылды
25
қазан
2023
1 сынып оқушылары кітапхананың ережесімен тастырылды
Оқырмандар залында өзін қалай ұстау керек: • Тыныштық сақтау, себебі шу басқа оқырмандарға бөгет болуы мүмкін; • Алған анықтама, сөздікті тиянақты ұстау; • Журналдағы ертегі болмаса әңгімені оқып үлгермесең келесі күні келіп жалғастыруға болады; • Оқырмандар залы кітаптарын үйге алып кетуге болмайды; • Саналы түрде кітапты бүлдірген оқушы кітапхана оқырманы болу құқығынан айрылады.
«Кітапхана әлемі» кітапханалық сабақ 1 сынып оқушыларына арналған
16
қазан
2023
«Кітапхана әлемі» кітапханалық сабақ 1 сынып оқушыларына арналған
Кітапханалық-библиографиялық білімдерді насихаттау ісі – оқушылардың кітап оқуына басшылық ету ісінің табиғи бӛлігі болып табылады. Оның мақсаты: балаларды оқу гигиенасына дағдыландыруға, кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: кітап көрмесі.
"Кітап оқуға шақыру"
06
қазан
2023
"Кітап оқуға шақыру"
"Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу- тапқыр, ал жазып алу әдеті-дәлшіл етеді"-деген екен Фрэнсис Бэкон. 
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
06
қазан
2023
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,  Мағжан  Жұмабаевтың  әдебиетінің жарық жұлдызы туғанына 130 жыл толуына байланысты кітапханада кітап көрмесі жасалып мектептің бастауыш және жоғары сынып оқушыларымен таныстырылды.
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
06
қазан
2023
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,  Мағжан  Жұмабаевтың  әдебиетінің жарық жұлдызы туғанына 130 жыл толуына байланысты кітапханада кітап көрмесі жасалып мектептің бастауыш және жоғары сынып оқушыларымен таныстырылды.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына"
29
қыркүйек
2023
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына"
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді біз барлығымыз жақсы білеміз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.
26
қыркүйек
2023
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіне кенін түсінесің. 
1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады.
05
қыркүйек
2023
1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады.
1 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады.Олар оқу залымен танысып,өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға үйге алды. Кітапханашы: Баракбаева Г.М  
«КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
23
мамыр
2023
«КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руаханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына айналған кітапханалар руханияттың ордасы. Алайда, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастар сиреп барады. Сондықтан, жас ұрпақты кітап оқуға баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру басты мәселесіне айналды.
Мектеп алды даярлық сыныбы кітапханада кітаптармен танысу сәті
18
мамыр
2023
Мектеп алды даярлық сыныбы кітапханада кітаптармен танысу сәті
Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.       Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапхана, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны,кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берілді. «Кітап-білім бұлағы. Кітап-білімнің қайнар көзі» екені барынша түсіндірілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар,
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына»
17
мамыр
2023
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына»
«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына» деп бекер айтпаған. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай « Бірлігіміз жарасқан!»
28
сәуір
2023
1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай « Бірлігіміз
« Бірлігіміз жарасқан!» кітап көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. 
"Сұлтан Бейбарыс- Ұлы дала елінің барысы "
05
сәуір
2023
"Сұлтан Бейбарыс- Ұлы дала елінің барысы "
"Сұлтан Бейбарыс- Ұлы дала елінің барысы " Кітапхана меңгерушісі Баракбаева Г.М ұйымдастыруымен"Сұлтан Бейбарыс- Ұлы дала елінің барысы " атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оған 5 сынып оқушыларының қатысуымен кітап көрмесіне шолу жасалды.
"Кітаппен өткен бір күнім"
23
наурыз
2023
"Кітаппен өткен бір күнім"
"Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" - деп Ғабит Мүсірепов айтқандай №3 жалпы білім беретін мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары  көктемдік демалыс уақытында «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты»  атты қысқы демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқу марафонын өткізіп, оқыған кітаптарымен бір-бірімен бөлісті.
Наурыз – шаттық мереке: кітап көрмесі.
17
наурыз
2023
Наурыз – шаттық мереке: кітап көрмесі.
Наурыз мерекесі - бірлік пен үйлесімділікті, халықтың жарқын ойларын және үміттерін бейнелейді. Наурыз мейрамын тойлаудың халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында  тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызы бар. Наурыз тек табиғаттың оянуы мен жаңаруы ғана емес, сондай-ақ, ең жақсы, гуманизм мен мейірімділікке ұмтылу үшін өткенге деген көзқарастар мен құрметке қайта оралу. 
Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!
04
ақпан
2023
Бүгін менің туған күнім, ой , бәле-ай!
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығуды арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Көрнекілігі: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлері, плакатқа жазылған өлең жолдарынан үзінді, техникалық құрал жабдықтар - мультимедиялық поректор, аудио аппаратура. 1. Эпиграф 2. Мұқағали портреті
Кітап талқылау
30
қаңтар
2023
Кітап талқылау
Кітап талқылау - еркін пікір-сайыс түрінде оқырман тобымен кітапханашы, автор, сыншы және т.б. көркем және сала әдебиеттің шығармаларын  ұжымдық саралау мен бағалау жұмысы. Оқырмандар өз еркімен, әр түрлі белсенділік пен ынтамен талқылауға қатысады. Кітап таңдауы маңызды болып саналады. Оқырмандардың: жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, дайындық деңгейін жақсы білу керек
Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
27
қаңтар
2023
Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен
Кітап-адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов
Жаңадан келген оқулықтар мен таныстыру
10
қаңтар
2023
Жаңадан келген оқулықтар мен таныстыру
Кітапхана қашанда және қай уақытта болмасын ең ғажайып керемет кітап мекендейтін, адам ақыл - ойының, парасатының қоймасы болып қалады. Қазіргі кітапханалар ол тек қана кітаптар емес, ол міндетті түрде газет - журналдар, аудио және бейнетаспалар, CD – дискілер, электронды оқулықтар.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында
14
желтоқсан
2022
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында Гаухар Мырзахметовна 8-9 сынып оқушыларымен оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында үзіліс кезіндегі көрініс.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынан кітапхана құжаттарының жиынтық есеп кітабы, мүлік кітабы және кітапхана күнделігін толтыру жөнінде бөлім мамандармен кездесу өтті.
13
желтоқсан
2022
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынан кітапхана
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынан кітапхана құжаттарының жиынтық есеп кітабы, мүлік кітабы және кітапхана күнделігін толтыру жөнінде бөлім мамандары Емишова Амангул Бастаубайқызы, Бектібаева Лиза Асқарқызы, Баисова Акима Аманқызы, Байдуанова Ләззат Амангелдіқызы әдістемелік көмек көрсетті. Мектеп кітапханашысы Г.М.Баракбаева өз ақпаратымен бөлісті.
Кітапхана – ақыл мен білім ордасы
12
желтоқсан
2022
Кітапхана – ақыл мен білім ордасы
«Кітап – білім бұлағы, білім  –  өмір  шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде