Тәуелсіздік - жарқын болашақтың негізі. » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік - жарқын болашақтың негізі.
03
шілде
2021

Тәуелсіздік - жарқын болашақтың негізі.

 Тәуелсіздікте елімнің мақтанышы, халқымның ар - намысы, өжет елдің бірлігі мен айбары, батылдығы мен мәңгі өшпес тарихы жатыр! " 30 жыл", бұл кезеңде мемлекетіміз өркендеп , қарышты қадамдар жасалды, біртіндеп дамыған елдер қатарына қосыла бастадық, жастарымыз салауатты өмір салтын ұстанып, арман мақсаттарына жете бастады, білім деңгейлері, ой- өрістері өсіп, "мен тұлғамын" деген ұғымды тереңірек түсініп өзінің бар күш жігерін еліне , халқына арнады, бәсекеге қабілеттілігін байқатты! Жастарымыз білімділігімен, зеректігімен, шешендігімен , дарындылығымен қазақ елін әлемге таныта бастады!!!
 Әрине мұндай нәтиженің бәрі ұстаз еңбегімен тығыз байланысты еді. Осы орайда, білім ордаларында сүйікті шәкірттерін барынша шыңдап, шығармашылыққа баулып, әрбір оқушыға түсіндіре отырып , оның рухани тәрбиелік мәні мен ғибратын бала бойына сіңіре отырып , нәтижеге қол жеткізу -ұстаздың ерен еңбегінің нәтижесі !!! Осы жылдарда ұстаздар қауымы да үлкен - үлкен жобалар мен шығармашылық өсу, жаңару жаһандану, кәсіби шеберлігін шыңдау жолында үлкен жетістіктерге жетті. Мен де өз ұстаздық жолында талай шәкіртті шыңдап, өмірде кірпіш болып қалануына еңбек сіңірдім деп айта аламын. Көптеген шәкірттерім өз дарындылығын байқатты, халқаралық, республикалық, облыстық байқауларда бас жүлде мен дипломдармен марапатталды!!! Сондықтан елімнің ертеңі- білімді ұрпақ, болашақта олар өз еліне бар күш жігері мен білімін жұмсайтынына сенімдімін!!! Біз тәрбиелеген ұрпақ -Отанын сүйетін нағыз патриот екенін мақтанышпен айта аламын! Өйкені тәуелсіз, демократиялық мемлекетімізде білім алып, өркендеу үшін бәрі де қолжетімді!!! Әлі алда бағындырар асулар да көп, мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын! Тәуелсіздіктің тұғыры биіктей берсін!
Г.И.Қонысова қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
#Qazaqstan30  #MeninQazaqstanym