Тәуелсіздік!!! » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
желтоқсан
2020

Тәуелсіздік!!!

Осы бір ұғымның қазақстандықтар үшін маңызы ерекше.Ата бабаларымыз ар мен намысты ту етіп, білектің күшімен, найзаның ұшымен небір шайқастарда Ұлы Даламызды сыртқы жаулардан сақтап , болашақ ұрпаққа аманат етті.
Міне, ғасырлар бойы аңсаған толарсақтан саз кешкен бабалардың "ұлы арманы" да орындалды".Жалпы айтқанда, тарих қойнауында тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қазақ елі талай - талай белестерден өтті! Бұл жеңістің орны сондықтан да ерекше! Мұны қазіргі таңда өмір сүріп отырған бақытты да баянды ұрпағымыз білуі тиіс! Тәуелсіздік елдігімізді көрсетті, бірлігімізді дәлелдеді, Тәуелсіздік алған жылдарға көз жүгіртсек елімізде білім мен техника өркендеді. Мемлекетіміз цифрлы жүйеге аяқ басты, барлық құжаттарымыз бен керекті ақпаратты үй жағдайында ала беруге қол жеткіздік. Бұл салада білімді жастарымыз ірі жобаларды жүзеге асырды. Мәденит пен спорт саласы үлкен табыстарға жетті. Бір Димаштың аты бүкіл әлемге танылды. Жастарымыздың білімді, саналы, салиқалы,адал ұрпақ болып өсуіне барлық жағдайлар жасалды.Елімізде халықаралық нарықта бәсекеге түсе алатын, жоғары білімді тұлғаны тәрбиелеуге бағытталғаны инновациялық мектеп моделі құрылды.Өркениетті дамыған шет мемлекеттерге гранттар бөлініп, жастарымыз тегін білім алуға мүмкіндіктер алды.Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқынды дамыды.
Қорыта келе, дамыған отыз елдің қатарына кіріп, қазақ елінің бірлігі жарасқан, қонақжай, бейбітшілікті сүйетін, мәдениеті мен білімі әлемге танылған ел екенін таныта білдік!!! Ендеше қазақ елі тәуелсіздіктің жарқын таңы мәңгілік болсын! Баршаңызды рухы асқақ, тұғыры биік, ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мектеп директоры З.О.Атенованың жеке күнделігінен. 

Похожие публикации: