Құтты білік" кітабы. » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қараша
2020

Құтты білік" кітабы.

Жүсіп Баласағұн ақын ретінде де, ғалым ретінде де атағын шығарған еңбегі-"Құтты білік" кітабы.
Деректер бойынша 1069-1070 жылдары он сегіз айдың ішінде жазылған. Бұл еңбегін ақын Баласағұн қаласында бастап, Қашанда аяқтаған,ақын өзі сол Қашқан қаласында қайтыс болған. Жүсіп Баласағұн жазған кітабын сол кездегі Қараханидтер мемлекетінің әміршісі Бұғра ханға табыс еткен екен. Хан ақынның еңбегін өте жоғары бағалап , ақынға "Хас Хажыб" деген атақ берген.Бұл сөздің мағынасы: ханға ең жақын,ел мен ханның тірегі,ең сенімді көмекшісі дегенді білдіреді.
Негізі, орта ғасырда жазылған бұл кітаптың философиялық мағынасы терең, өзекті тақырыбы -халыққа бақытты да, әділетті өмір сыйлау. Онда сюжет жоқ, тек символдық кейіпкерлер арқылы автордың айтар ойы анық жеткізілген.Кейіпкерлер әлемі:Күнтуды, Айтолды,Өгдүлміш және Одғұрмыш- қанағат, рахым, ақыл, дәулет бейнесінде беріледі. Шығармадағы әрбір образ өздеріне сай сомдалған! "Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді" демекші мұндай мыңжылдық шығармалардың ғасырлар қойнауынан дат баспай, саф алтындай сақталып жетуіне ұрпақтар сабақтастығының бір үлкен жемісі деп айтсам артық емес. Шығарманың құндылығы келер ұрпаққа жетеріне сенейік.Міне " рухани жаңғыру" деген осы емес пе!!!? Сөз қадірін білетін, ойы көрікті , зерек жастарымыз осындай әрбір шығарманың ғылымилығы мен терең мәнінін ұғынып болашаққа аманат ретінде жеткізетіне қуанамыз. Оның дәлелі:Абай Құнанбайұлыж Жүсіп Баласағұнның кітабы туралы білген, оның " Ғылым таппай, мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" атты өлеңдерінде шығыс ғұламасының ықпалы сезіледі. Олай болса, орта ғасырдағы мұраның поэзиялық ерекшелігі қазақ мәдениетімен үндестікті, ортақ тарихты танытады ! "Білім- адам баласының ортақ қазынасы" деген даналық тұжырымды қалдырған ғұлама - Жүсіп Баласағұнның сөзін де өз өмірімізде бүгінгі күні жиі қолданамыз.
З.О.Атенованың шығармашылық жұмысынан үзінді.