Тәуелсіздік бәрінен қымбат » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
шілде
2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

🇰🇿

Тәуелсіздіктің шырайлы таңы атқанына биыл 30 жыл толып отыр. Ата-бабамыздан қанмен берілген қайсарлық, өжеттік болашақ ұрпақты да тек алға, жаңа белестерге жетелейтіні анық. Шығыстан күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы ескен осы кезеңнің баянды болатынына кәміл сенемін.
Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Армандар орындалады, мақсатың айқын болса демекші, мен бүгін болмаса да, ертең Қазақстанның намысын қорғап, әлемдік деңгейдегі жарыстарда бой көрсететініме сенетінмін. Тәуелсіз елімнің арқасында сапалы білім ала отырып, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан спорт шебері атандым.Бұның барлығы әуелі Алла, кейін қазақ халқының іргесі сөгіліп, бірлігі мен ынтымағы кетпеуі жолында тер төккен ата-бабаларымыздың, спорт саласында еңбек еткен аға-әпкелеріміздің, мемлекеттің бізге беріп отырған үлкен мүмкіндіктерінің арқасында. Халқымызда «Жас келсе—іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш -қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеу жолында жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлап отырған Отан – Ананың сенім үдесінен шығу мақсатында білімді жастар болып, ғылым мен техниканың биік деңгейін бағындырып, жігерлі ұл – қыздар спорт саласында ерен ерліктің үлгісін көрсетуден талмаймыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Қуатова Аружан Саметқызы,
Алматы қаласының 6 дүркін чемпионы,
ҚР-ның 2 дүркін чемпионы,
ҚР-ның жасөспірімдер арасындағы чемпионатының қола жүлдегері,
ҚР-ның жастар арасындағы чемпионатының күміс жүлдегері,
Республикалық «Жас өркен» турнирінің қола жүлдегері,
Чехияда өткен турнирдің қола жүлдегері,
Моңғолияда өткен турнирдің жеңімпазы,
Оқушылар арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы,
Универсида-2021ж 1-орын,
ҚР-ның спорт шебері,
Университет ішілік жарыста 1-орын,
Алматы қаласы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының мүшесі.
#Qazaqstan30  #MeninQazaqstanym

 

Похожие публикации:

16 желтоқсан 2020 Тәуелсіздік!!!
16 желтоқсан 2020 Тәуелсіз Қазақстан