Тәрбие - тал бесіктен басталады... » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие - тал бесіктен басталады...
03
ақпан
2021

Тәрбие - тал бесіктен басталады...

"Тәрбие деген не? " деген сұраққа ұлы педагог , ақын Мағжан Жұмабаев мынадай ғылыми түсініктеме берген: "Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласы , кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі."
Міне, өмірде алған тәжірибелеріміз бен осындай ғұламалардың ой - түйіндерінің сәйкестігі заңдылық!
Өйткені, әрбір ата - ана өз баласын тәрбиелі болуға барынша баулиды,бір "халықтың ұлы" болса екен, "азамат" болса екен деп армандаған. Отбасындағы кикілжің, ынтымақтың жоқтығы, ата - ананың бір - біріне араздығы, шамадан тыс баланы еркелету, қаражаттан қолын қақпау - баланы намыссыздыққа, жатып ішер жалқаулыққа, өзімшілдікке әкеледі, жалпы бала тәрбиесіне селкеу түсіреді. Ал, керісінше, "қыздың жиған жүгіндей", "қызға қырық үйден тыю", " ер мінезді", " азаматсың!", "атұстар","шаңырақ иесі" деп, өз ұл - қыздарын әдемі де, осындай астарлы тіркестерді қолдана отырып тәрбиелеген бала өз отбасында өзін бақытты сезініп, жүзінен мейрімі төгіліп тұрады.
Мінекей,ішкі мәдениеті мен сыртқы мәдениеті астасып тұратын тәрбиелі жастарымыздың болашағы да жарқын, мақсаты айқын! Бұл сөзімнің дәлелі ретінде, әлемге танылған бір Димаштың өзін мысалға алсам болады. Әншілік қабілетімен бірге ой - өрісінің кеңдігі, әрбір қимылы мен ісінің өзіне сән берері, жұртты "елең" еткізетін шешен де салиқалы сөздері" нағыз азамат " деген атқа лайықты етіп ата- әжесі тәрбиелеген және ол атақты халық өзі беріп те қойған.
"Ел боламын десең - бесігіңді түзе " деген академик Мұхтар Әуезов.
Ата - ананың бала тәрбиесіне мән беруі, оған жастайынан дұрыс жолды таңдатып, жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа баулуы- үлкен еңбек! Бала тәрбиесіне төгілген тер күндер өткен сайын ата - ананы құрметке бөлейтін үлкен мәртебе.
Жақсы тәрбие - қоғамның басты байлығы. Сондықтан да бала тәрбиесінде хакім Абайдың жылы жүрек, ыстық қайраты мен нұрлы ақылын бала тәрбиесінде пайдалансақ құба құп болар!
Мектеп директоры З.О.Атенованың жеке күнделігінен.