ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ – МЕНІҢ ТАРИХЫМ » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ – МЕНІҢ ТАРИХЫМ
02
шілде
2021

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ – МЕНІҢ ТАРИХЫМ

Мен Қадырсейітова Саулет Төлегенқызы, тәуелсіздік алған жылдары студент едім. Бұл кезеңді қазақ елі қатты аңсап күткен еді. 1991 жыл еліміз үшін қуаныш жылы болды.
Иә, көзді ашып, жұмғанша Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде Қазақстан танымастай өзгерді, әлі де көркейіп, дамып келеді. Елбасымыз, әсіресе отандық ғылымның дамуына ерекше көңіл бөліп, жаңа жолдар ашты. Соның ішінде, өнер адамдарына, ұстаздарға үлкен үміт артып, жас ұрпаққа өнер-білімді насихаттауға жағдай жасады.
Менің ойымша ең бастысы өзіңнің таңдаған мамандығыңды жақсы көру әрі үздігі болу. Әр мамандық иесі өз саласының үздігі болса, елге еңбегін сіңірсе, еліміздің дамуына үлкен үлес қосары анық.
Барша Қазақстанды үлкен мерекемен құттықтаймын! Береке бірлікте болайық! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
#Qazaqstan30 #MeninQazastanym