Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын! » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
01
шілде
2021

Тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Биыл Қазақстан халқы үшін, ең үлкен мерейлі мерекелі жыл. Ата-бабаларымыз аңсаған тəуелсіздік күніне 30-жыл. Осы санаулы уақытта еліміздің жеткен жетістіктері орасан. Шегарасын шегендеп, əнұранын шырқатып, көк туымызды желбіретіп алты құрлықта айбынды елге айналды.
А.Сақатовтың "Керемет" театр студиясында "Бақсы"көркем фильмі, "Абай жолы"телесериалы, "Қызыл жолбарыс"деректі фильмі, "Бөрі", "Ауылдастар" сериалында табиғатыма сай келетін рөлдерді сомдағанымның өзі - Тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістігім.
Қазіргі таңда қызмет ететін білім саласында да жетістіктерім жетерлік.
Менің келешегіме жарқын жол ашқан Тәуелсіздіктің орны бөлек. Мен егеменді әрі бейбіт елде туылғаныма мақтанамын!
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Мен, Оспанбеков Еркін Қурумбайұлы, барша Отандастарымды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын!  Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
#Qazaqstan30  #MeninQazaqstanym