Ақбота Бекжүністегі патриоттық идеядағы эссе жазды » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақбота Бекжүністегі патриоттық идеядағы эссе жазды
02
маусым
2021

Ақбота Бекжүністегі патриоттық идеядағы эссе жазды

"Поэзия әлеміне өз үнімен, өзінің лебімен, жүрек дүрсілімен келген қазақтың біртуар ақыны, шет елде жүрген қазақтың атамекенге оралуына себепші болған "Бауырлар" өлеңінің авторы  Тұманбай Молдағалиев"- деп Ақбота Бекжүністегі эссе жұмысын патриоттық идеядан бастады.
Шет елде жүрген қандастарымызды атажұртқа шақыруының негізгі мақсаты - ғасырлар бойы ата- бабамыз аңсаған тәуелсіздік таңының атуын бірге көру еді.
Желбіреді көгімде міне туың,
Тұлпарым да дайын тұр мінетұғын.
Мынау үлкен мәңгілік қалаларда,
Үйлерің тұр көшіп кеп кіретұғын.
Келші, бауырым, кешікпей кір қатарға,
Меңіреуге меңіреу тіл қатар ма.
Мына тауда сенің де жылқыларың,
Жату керек шұрқырап күн батарда.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты болғандықтан, желбіреген көк туымыздың астына қандастарымыздың ұлан- ғайыр Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан жеріндегі әрбір көлі,тауымен бөліскісі келетіні туралы ақын сыр шертті.
Ақынның идеясы "шетелде жүріп сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген мағынамен "Бауырлар" 
өлеңін жазды.
Туым биік бүгінде, нуым да әсем,
Естілер шақ кетті өтіп үнім бәсең.
Қазақпын деп айпа сен, жан бауырым,
Алматыныны тірлікте бір көрмесең.
Қауқылдасып қалдық-ау, есендесіп,
Таңнан тағы тербетті шешем бесік...
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп...

 

Похожие публикации:

05 желтоқсан 2020 ДИПЛОМ І ДӘРЕЖЕЛІ