Қайтпас қайсар- Қайсенов » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2021

Қайтпас қайсар- Қайсенов

Отан қорғау жолында ерлік көрсетуде қазақтың ер жүрек азаматтары ешқашан аянып қалған емес. Әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде толарсақтан қан кешкен қазақ сарбаздары өздері әлемді ат тұяғымен дүбірлеткен жауынгер, ер жүрек көшпенді елдің ұрпақтары екенін сан мәрте дәлелдеп бақты. Сұрапыл соғыс жылдары от кешіп, ерлік көрсеткен қазақтың аяулы ұлдарының бірі – Қасым Қайсенов. Қазақстанның халық қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылғы сәуірдің 23-інде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында дүниеге келген. "Болмыс бітімі батырлық пен ерлікке толы, өр де батыл мінездің қаны сіңген қайтпас қайсар - Қасым Қайсенов атамыздың ерлігі ұмытылмайды"- деді Зухра Курмангалиевна.