"Мамандық таңдау, маңызды іс" » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сәуір
2023

"Мамандық таңдау, маңызды іс"

 Оспанбеков Е.К 9 "ә"-сынып ата-аналарымен "Мамандық таңдау, маңызды іс"-тақырыбында жиналыс өткізілді. 
Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету.
Мамандық  таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады. Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Осы кез  ұлы Абай атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзін қалайша естен шығарамыз? Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шуйнбаева Айгерім Мұхаметалиқызы оқушылардың білім деңгейіне тоқталды және алдағы болатын эмтихандардың өткізілу кестесі мен таныстырды. 
Ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып,  нақтылы жауаптарын алды.