З.О.Атенованың жеке парақшасынан » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » З.О.Атенованың жеке парақшасынан
26
қазан
2021

З.О.Атенованың жеке парақшасынан

Дәрігер құрметті әрі мәртебелі мамандық. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмайтыны анық. Дәрігер адам анатомиясын мықты әрі терең білуінен басқа жеке тұлға ретінде үлкен жүрек, көркем мінез, мейірімділік пен адалдықты қажет етеді. Бүгінгі таңда медицина дамыған сайын аты белгісіз болып келген аурулардың саны да көбеюде. Олай болса, дәрігерлерге адам өмірі мен денсаулығының жауапкершілігі күннен күнге маңызды болары анық. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы және оның тағдыры. Науқас адамның жанына себеп болатын, үмiтіне үмiт жалғап, ғұмырының ұзақтығын сабақтастыра білетін, өмірлік күш-қуат берумен қатар «Гиппократ антын» өмірлік кредо ретінде қабылдаған, қоғамның басты байлығы - адам өмірінің сақшысы, бүгінгі күннің батырлары ол - ақ халатты абзал жандар.Коронавирус пандемиясы әлемді соның ішінде біздің елімізді де әбігерге салып, осы індеттен айығуға барлық ем жасалып қана қоймай науқасқа психологиялық қолдау көрсетіп, өмір үшін күресуге
мотивацияны, әрине дәрігер тарапынан берілгені белгілі. Олай болса, дәрігерлерге адам өмірі мен денсаулығының жауапкершілігі күннен күнге маңызды болары анық.
Ауырмаңыздар!
З.О.Атенованың жеке парақшасынан.