01
сәуір
2025
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Алматы қаласы әкімінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Іс-шара Әлеуметтік қызметтер үйінде ұйымдастырылып, әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызының төрағалығымен өтті.
Отырысқа әкімдік өкілдері, салалық басқармалар, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатқызы Закиева онлайн режимде қатысты.
🔹 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: ✅ Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру. ✅ «Адал Азамат» тәрбиелік бағдарламасы және қауіпсіздік сабақтарын өткізу.
Спикерлер өз баяндамаларында өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, талдау мәліметтерін ұсынды және алдағы қадамдар бойынша ұсыныстар енгізді. Сондай-ақ, отырысқа мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, Қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.