Балалар - біздің болашағымыз! » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2021

Балалар - біздің болашағымыз!


Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Болашақ балалардан басталады, сондықтан еліміздің ең кішкентай азаматтарының жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау басым мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.
Балалардың сапалы білім алуы үшін біздің қаламызда жаңа үрдістерді ескере отырып, заманауи балабақшалар мен мектептер ашылуда, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жабдықталуы нығайтылуда, мектептен тыс мекемелер жаңғыртылуда, сонымен бірге балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі жобалар іске асырылып келеді.
Балалар - біздің басты құндылығымыз және ортақ жауапкершілігіміз,  сондықтан осы мереке күні барлық ата-аналар мен әріптестеріме қарым-қатынас пен бірлескен жұмыс үшін алғысымды білдіремін.
Біздің балаларымыздың оқудағы, шығармашылықтағы және спорттағы жетістіктері көбейе берсін, ал балалық шақтары әрқашан жақын адамдарының қамқорлығына, жылулығына және махаббатына толы болсын.
Қымбатты балалар! Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт,  жазғы тамаша демалыс пен барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы
Л.Ә. Жылқыбаева.