Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру! » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру!
06
қараша
2023

Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру!
Алматы қаласы білім басқармасының "№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ ,Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Вольная көшесі 6 үй, тел: 8 (727) 2333475, электронды мекенжай бойынша педагогтардың бос лауазымына (логопед, география қазақ, орыс
сыныптарына)конкурс жариялайды: School_3.2017@mail.ru, whatsapp - + 8727341791 Айгерім Мұхаметалиқызы
Еңбек ақысының мөлшері мен шарттары:1) лауазымдық міндеттері: оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тұлғаның жалпы мәдениетін
қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын орындайды.
2) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: санаты мен педагог өтіліне қарай 150 000-нан 170 000-ға дейін
3.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: біліктілік санаты бар ұлттық біліктілік тестілеуінің болуы ("педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші","педагог-шебер")4.Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, 06.11.2023 -10.11.2023 жылға дейін жүзеге асырылады.
5.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.
6.Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Показать перевод