Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру! » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру!
14
тамыз
2023

Педагогтердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру!

Алматы қаласы білім басқармасының "№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ ,Алматы қаласы, Вольная көшесі 6 үй, тел: 8 (727) 2333475, элект. мекенжай бойынша педагогтардың бос лауазымына (ағылшын тілі,қазақ тілі мен әдебиеті, география- қазақ, орыс сыныптарына, орыс тілі мен әдебиеті орыс сыныптарына,)конкурс жариялайды: School_3.2017@mail.ru, whatsapp - + 8727341791 Айгерім Мұхаметалиқызы
Еңбек ақысының мөлшері мен шарттары:
1) лауазымдық міндеттері: оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының талаптарын орындайды.
2) еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: санаты мен педагог өтіліне қарай 150 000-нан 180 000-ға дейін
3.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: біліктілік санаты бар ұлттық біліктілік тестілеуінің болуы ("педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші","педагог-шебер")
4.Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін,  15.08.2023 -21.08.2023 жылға дейін жүзеге асырылады.
5.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын10:18