Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
30
маусым
2021

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі


1-сыныпқа алты жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
 2021-2022 оқу жылы 1-сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:

🔻Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
🔻Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
🔻«Бала денсаулығы паспорты»;
🔻3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады.