​ҰБТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ​ҰБТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты
11
мамыр
2021

​ҰБТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
ҰБТ нәтижелерімен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.
Тестілеу толығымен электрондық форматта жүргізіліп жатыр.
ҰБТ-ға қатысу үшін 120 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде бірінші күні тестілеуді 8 мыңнан астам түлек тапсырып жатыр. Талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет тапсыра алады, олар тестілеудің күні мен уақытын өздері таңдайды. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жоғары ұпайы бар сертификатын ұсына алады. Бұл үміткерлердің грантты жеңіп алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек.
«2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан Тамыз кеңесінде тапсырма берген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрі барынша ашық өткізу бойынша мақсат қойылған болатын. Біз бүгін осы мақсатқа жетіп, ҰБТ-ны жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүрген сын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, үлкен өзгерістер жасап жатырмыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Электрондық формат ашықтықты барынша қамтамасыз етуге, қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бұл форматтың тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды көре алады. ҰБТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш бере алады.