Сара Алпысқызының 80 жас мерейтойын құттықтау » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сара Алпысқызының 80 жас мерейтойын құттықтау
10
ақпан
2021

Сара Алпысқызының 80 жас мерейтойын құттықтау

Сара Алпысқызының 80 жас мерейтойын құттықтау тілегімен мектебіміздің ұстазы, жас ақын,"Күрдер өтуде", "Ойламауға бола ма", "Жүрегім ақ", "Ауылым",
"Ұмыту қиын", "Шынайы болшы" әндерінің авторы Назерке Берікқызы Семейдің "Арнау" атты поэзиялық шығармасын қабыл алыңыздар.Дыбыс үндестігі мен ырғағын мәнерлеп оқыған - автор.
Қараңғы десек те өмірді,
Пенделер ниетін, пиғылын.
Жібітер мұздайын көңілді
Бар онда, бар онда мейірім!
Тұрарлық мақтауға, елеуге,
Жүрегі мейірім торабы,
Үмітпен қаратар келерге
Шуақты адамдар болады.
Көзімнің ағы мен қарасы
Балам деу көп жанға тән ұғым.
Өз балам, өзгенің баласы
Деместен бір көру барлығын
Келмейді-ау бәрінің қолынан
Ол үшін рух керек жоғары.
Адаспас өмірдің жолынан,
Кең пейіл адамдар болады.
Дәл сондай ананың бірі өзі
Сәулесін таратқан маңына.
Ақылы, шын көркем мінезі
Жаралған халықтың бағына.
Ісі де, сөзі де, болмысы
Қамқор жан екенін білдірген.
Жасасын мейірі мол кісі
Талайдың күмәнін сөндірген!