Соңғы қоңырау 25 майда соғылады » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №3»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Бухгалтерия
+7(727) 233-34-60
Версия для
слабовидящих
12
май
2021

Соңғы қоңырау 25 майда соғылады

9 және 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау 25 май күні соғылады. Аттестаттарды табыстау рәсімі мектеп алаңында июнь айының ортасында өткілмек.

Соңғы қоңырау рәсімі 25 майда санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің келісімімен өткізіледі деп жоспарланған. Соңғы қоңырауды өткізу форматы туралы шешімді әр мектеп өзі қабылдайды. Ал, 9 және 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты жиын мектеп аумағында таза ауада ұйымдастырылады.


«Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі форматта оқып жатқанын білесіздер», 
– деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Қорытынды аттестаттау аяқталған соң 12-14 июнь аралығында мектеп түлектері үшін ашық алаңда мектеп бітіру кештері ұйымдастырылады. Салтанатты іс-шара барысында орта білім туралы аттестаттар табыс етіледі. Оқушылар саны аз мектептер бітіру кешін барлық сынып үшін бір уақытта өткізе алады. Егер мектептегі түлектер саны көп болса, салтанатты шараны әр түрлі күндерде өткізу ұсынылады.