​ЕНТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №3»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Бухгалтерия
+7(727) 233-34-60
Версия для
слабовидящих
» » ​ЕНТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты
11
май
2021

​ЕНТ-2021 толығымен электрондық форматқа ауысты

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
ЕНТ нәтижелерімен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға болады.
Тестілеу толығымен электрондық форматта жүргізіліп жатыр.
ЕНТ-ға қатысу үшін 120 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде бірінші күні тестілеуді 8 мыңнан астам түлек тапсырып жатыр. Талапкерлер ЕНТ-ны 2 рет тапсыра алады, олар тестілеудің күні мен уақытын өздері таңдайды. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жоғары ұпайы бар сертификатын ұсына алады. Бұл үміткерлердің грантты жеңіп алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек.
«2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі қатысқан Август кеңесінде тапсырма берген болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өзгерту, оны балаларға ыңғайлы әрі барынша ашық өткізу бойынша мақсат қойылған болатын. Біз бүгін осы мақсатқа жетіп, ЕНТ-ны жаңа форматта өткізіп жатырмыз. Ең бастысы, қоғамда айтылып жүрген сын-пікірлерді ескеріп, жаңа технологияларды қолдана отырып, үлкен өзгерістер жасап жатырмыз», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Электрондық формат ашықтықты барынша қамтамасыз етуге, қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бұл форматтың тағы бір артықшылығы – ЕНТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ЕНТ қатысушысы қате жауап берген сұрақтарды көре алады. ЕНТ қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ бірден апелляцияға өтініш бере алады.