Алғыс хат » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қазан
2023

Алғыс хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ- АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ   Алғыс хат  Сізге саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, осы салада ұзақ жыл қалтқысыз қызмет еткеніңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін! Өзіңізден өнегелі білім, тағылымды тәрбие алған азаматтар тәуелсіз еліміздің негізін қалап, өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып жүр. Мыңдаған шәкіртіңіз биік белестерді бағындырып, халқына адал қызмет етуде. «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деген осы болар. Ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі мен ағартушылық қызметі әрқашан құрметке ие. Ұстаз – мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондықтан ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» болуы тиіс. Сізді еліміздегі бес жүз мыңға жуық педагог пен бес миллионнан астам жас өреннің атынан төл мерекеңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! Мәртебеңіз асқақтап, абыройыңыз арта берсін!  Құрметпен министр Ғ.Бейсембаев. Раушан Салайдиновна, Людмила Васильевна, Гулбагдат Билдебаевна, Наталья Петровна, құтты болсын! Біздің ұлағатты ұстаздарымыз еңбек жолында 42 - 44 жыл педагогика мамандығына еңбек етіп жүр. Құтты болсын!