👩🍳 Аспаздық — дәм мен өнердің үйлесімі!
📍 “Шаңырақ” этно-лагері, №3 ЖББМ 🛠️ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Бүгінгі күн аспаздық өнерге арналды! Балалар ас үй әлемімен танысып, қарапайым тағам дайындау жолдарын үйренді. 🍲 🧁 Қызықты шеберлік сағатында өз қолдарымен тағам дайындап, ұжыммен бірге еңбектенудің ләззатын сезінді. ✨ Аспаз болу — бұл тек дәмді тағам әзірлеу емес, бұл — шығармашылық, ұқыптылық пен жауапкершілік. 🔧 Жұмысшы мамандықтарға деген құрметті арттырып, еңбекке баулу — тәрбиенің негізі.