25
қараша
2025
Нашақорлыққа қарсы ювеналдық полицияның ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жастар арасында нашақорлықтың, психотроптық заттар мен синтетикалық есірткінің алдын алу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің адам ағзасына, психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ оның заң алдында жауапкершілікке әкелетіні жан-жақты түсіндірілді.
Ювеналдық полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алу, өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарау, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, жастар көкейіндегі сұрақтарына нақты жауаптар алды.