Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қаңтар
2026

Ұлт рухын ұлықтаған ұлы есім

Қазақтың даңқты қолбасшысы, ержүрек батыр, жазушы, ұлт намысының символы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай №3 мектепте тағылымы терең, рухы биік челлендж ұйымдастырылды. Бұл челлендж – ерлікті еске алу ғана емес, жас ұрпақтың жүрегіне отаншылдық отын жағу, батыр рухымен сусындау, намыс пен адалдықтың не екенін сезіндіру болды. Оқушылар батырдың қанатты сөздерін оқып, ерлік жолына тағзым етіп, «Ел үшін туған ер өлмейді» деген ұстанымды жүрекпен ұғынды. Ұлы тұлғаның өнегесі – мәңгілік, ерлігі – ұрпаққа үлгі. Бауыржан атамыздың рухы жасай берсін!
https://www.instagram.com/reel/DTHeMZRjDDb/?igsh=MTZ1ejVkYzZtankwZA==