13
желтоқсан
2024
«Біз-Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!»
12 желтоқсан күні №3 жалпы білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кожагазина Ж.К. ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кәсіби дағдыларын арттыру, тәжірибе алмасу және тиімді педагогикалық тәсілдерді қолдануды дамыту мақсатында «Біз-Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!»тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.Мектеп директоры Атенова З.О. оқушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді, іс-шараға «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» бөлімінің жетекшісі Акмагамбетова Р.Г., «Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру» бөлімінің әдіскері Камшат Қосылжанқызы, «Біртұтас тәрбие» бардарлама бойынша тренері, тарих пәнінің мұғалімі Нұрманова А.Д. қонақ болып келіп, өтіп жатқан семинардың маңыздылығын атап өтті. Семинар бағдарламасы бойынша бірыңғай «Жас ұлан», «Жас қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. 3 сыныптан 62 оқушы Жас қыранға және 5 сыныптан 48 оқушы Жас Ұлан қатарына қабылданды. Тарих пәнінің мұғалімі Ахметова Умиткул Умбеткалиевна «Мектептегі құқықтық тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен мәдениеттілікті жетілдіру», директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанбеков Еркін Курумбаевич «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамиров Берикбай Оразакынович «Тұлғалық құндылықтарды ою-өрнектер арқылы бейнелеу», бастауыш сынып мұғалімі Әлиева Мейрамкүл Смайловна «Білім берудегі ерекше білімді қажет ететін оқушылардың тәрбие жұмысы» әдістемелік сабақтар өткізді. 


