Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қыркүйек
2024

Ұстаздар күні

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес 11-сынып түлектерінің ұйымдастыруымен, ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарлама болып өтті. Бағдарлама барысында ұстаздарымыздың құметтеріне ән айтылып, би биленді. Жырдан шашу шалып, күмбірлеген күй төгілді. 
Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.