"Ұлттық құндылықтар- қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көзі" » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық құндылықтар- қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көзі"
02
маусым
2021

"Ұлттық құндылықтар- қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көзі"

Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізі әрі ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Ұлттық идея – туған жер, тәрбие мен өскен ортада қалыптасқан, халықтың тілін, ауыз әдебиетін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген.Сондықтан да ұрпақ үшін мәнді тәрбие – ұлттық тұрғыдағы тәрбие. 
Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы болғандықтан ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты.Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»-деген болатын.
Олай болса, ұлттық сезім мен ұлттық намыс, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата – бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу –  өмір талабы мен қоғам қажеттілігі.
"Ұлттық құндылықтар- қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көзі" деп Арман Болатұлы өз пікірін білдірді.