Алматы қаласы Білім басқармасының
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Есепші бөлімі:
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Шаңырақ” этнолагерінде тағы бір қызықты күн!
30
мамыр
2025
"Шаңырақ” этнолагерінде тағы бір қызықты күн!
Бүгін біз өрт сөндірушілер бөліміне барып, олардың маңызды қызметімен жақынырақ таныстық. Қауіпсіздік, батылдық пен жедел әрекет – бәрі осы мамандықтың ажырамас бөлігі екеніне көзіміз жетті. 👷‍♂️ Сонымен қатар, бұл жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы, сондықтан балалар әртүрлі мамандық иелерінің еңбегін бағалауды үйреніп келеді.
👩‍🍳 Аспаздық — дәм мен өнердің үйлесімі!
29
мамыр
2025
👩‍🍳 Аспаздық — дәм мен өнердің үйлесімі!
📍 “Шаңырақ” этно-лагері, №3 ЖББМ 🛠️ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Бүгінгі күн аспаздық өнерге арналды! Балалар ас үй әлемімен танысып, қарапайым тағам дайындау жолдарын үйренді. 🍲 🧁 Қызықты шеберлік сағатында өз қолдарымен тағам дайындап, ұжыммен бірге еңбектенудің ләззатын сезінді. ✨ Аспаз болу — бұл тек дәмді тағам әзірлеу емес, бұл — шығармашылық, ұқыптылық пен жауапкершілік. 🔧 Жұмысшы мамандықтарға деген құрметті арттырып, еңбекке баулу — тәрбиенің негізі.
 Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
28
мамыр
2025
 Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!
🚸 Алматы қаласы №3 жалпы білім беретін мектебінде жазғы демалыс қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау шаралары күшейтілуде. 🏕️ “Шаңырақ” этно-лагерінде балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, түрлі тақырыпта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 🔹 Жолда жүру мәдениеті 🔹 Судағы қауіпсіздік 🔹 От пен электр құралдарын қолдану кезіндегі сақтық шаралары 👮‍♀️ Балалардың амандығы – біздің ортақ міндетіміз!
📘 Қорытынды аттестаттау басталды!
27
мамыр
2025
📘 Қорытынды аттестаттау басталды!
📍 Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №3 ЖББМ 📚 Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін қорытынды аттестаттау емтихандары бастау алды. 🧮 Бүгін 9-сынып оқушылары математика (алгебра) пәнінен білімдерін сынға салды. 🔎 Емтихан – тек білімді емес, жауапкершілікті де көрсететін маңызды кезең.
🏕️ Алматы қаласы №3 жалпы білім беретін мектептегі «Шаңырақ» этно-лагері өз жұмысын бастады!
26
мамыр
2025
🏕️ Алматы қаласы №3 жалпы білім беретін мектептегі «Шаңырақ»
🔆 Балалар ұлттық құндылықтарды танып, салт-дәстүрімізді бойына сіңіріп, қызықты да танымды күндер өткізуде.
📌 “Бір тұтас тәрбие – Адал ұрпақ” бағдарламасы аясында мектебімізде “Өнегелі 15 минут” форматында маңызды сұқпат өтті.
22
мамыр
2025
📌 “Бір тұтас тәрбие – Адал ұрпақ” бағдарламасы аясында мектебімізде
👨‍👩‍👧‍👦 Сұқпатқа мектеп директоры Жумабекова С. Н ата-анамыз Калжанова Ж.Б және ДТІЖО К.Ж. Кобесовна қатысып, жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ойларымен бөлісті. 🎙️ Баланың амандығы – ата-ана мен мектептің ортақ жауапкершілігі. Тәрбиелік мәні зор кездесуден ата-аналар құнды ақпарат пен пайдалы кеңестер алды.  
Тақырыбы: Абай - дана,
16
мамыр
2025
Тақырыбы: Абай - дана,
 Абай - дара қазақта! Мақсаты : Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Білімге деген құштарлығын  арттыру. Сынып жетекшісі: Нугмурова Д .Н 
“Отбасым – бақыт мекені”
15
мамыр
2025
“Отбасым – бақыт мекені”
 Мектебімізде “Отбасым-бақыт мекні” күніне арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар оқу жылындағы жетістіктерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар белсенділігі үшін мектеп директоры Ж.С. Нұрбекованың атынан алғыс хаттармен марапатталды. Бірлік пен сыйластыққа толы отбасылар – еліміздің тірегі!
Тренинг: “Женское здоровье” 
14
мамыр
2025
Тренинг: “Женское здоровье” 
🩺 Формирование осознанного и бережного отношения к своему телу, здоровью и самооценке В рамках профилактической и просветительской работы среди учащихся прошёл тренинг на тему “Женское здоровье”. Цель мероприятия — помочь девочкам-подросткам понять важность заботы о своём физическом и эмоциональном состоянии, развить чувство самоценности и научиться делать осознанный выбор в пользу здоровья. 💬 Участницы получили ценные и практические советы от специалистов: • Психолог: Акишева З.К • Медицинская
Ер адам денсаулығы – болашақ кепілі!
13
мамыр
2025
Ер адам денсаулығы – болашақ кепілі!
Мектебімізде «Ер адам денсаулығы» күніне орай оқушылар арасында спорттың пайдасы мен зиянды әрекеттерден аулақ болудың маңызы туралы ақпараттық іс-шара өткізілді. Оқушылар денсаулықтың негізі – салауатты өмір салты екенін түсініп, темекі, ішімдік, зиянды әдеттерден бас тарту, күнделікті спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану сынды пайдалы кеңестер алды. Нағыз ер адамның күші – өз денсаулығына деген жауапкершілігінде
Ұлы Жеңіске 80 жыл
08
мамыр
2025
Ұлы Жеңіске 80 жыл
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай! 3 ЖББМ директоры Жумабекова Сауле Нурбековна бастаған мектеп ұжымы мен 10-сынып оқушылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл – ерлікке тағзым, ұрпақ жадына мәңгілікке жазылған Ұлы Отан соғысы қаһармандарына құрмет.
Ұлы Жеңіске 80 жыл
07
мамыр
2025
Ұлы Жеңіске 80 жыл
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай! 3 ЖББМ-де өткен театрландырылған қойылым – ерлікке, отансүйгіштікке толы әсерлі көріністерге толы болды. Оқушылар майдангерлердің рухын, тылдағы халықтың қажырлы еңбегін шынайы бейнелеп, көрерменге терең әсер қалдырды. Бүгінгі бейбіт өмір – сол ерліктің жемісі!   
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай саптық жүріспен ән айту байқауы өтті!
06
мамыр
2025
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай
Мектебімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай саптық жүріспен ән айту байқауы өтті! Бұл шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар сап түзеп, жүріп ән айтып, өзара бақ сынасты. Барлық сыныптар белсенділік танытып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Жеңімпаздарға марапаттар табысталды. Мақсат – тек жарысу емес, тарихты ұмытпай, ел қорғаны болған батырларды құрметтеу 
7-Мамыр Отан қорғаушылар куні!
05
мамыр
2025
7-Мамыр Отан қорғаушылар куні!
 Сабақтың мақсаты:Оқушыларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беру, оның маңызын ұғындыру. Отан алдындағы борыш, патриотизм, ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру. Әскер қатарындағы азаматтардың ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
ҚАҺАРМАНДЫҚ САБАҒЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛЫ ӨНЕГЕ!
02
мамыр
2025
ҚАҺАРМАНДЫҚ САБАҒЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛЫ ӨНЕГЕ!
 Сабақтың тақырыбы: «Қаһармандық» XX ғасырдың ең жарқын тұлғасы – қаруды қаламға ұштастырған қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы туралы тағылымды сабақ өтті. Оқушылар батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен азаматтық тұлғасын тереңірек таныды. Мақсат – патриоттық рухты оятып, елін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу! Сынып: 10 «А» Мұғалім: Ахметова У.У.  
1 МАМЫР – ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
01
мамыр
2025
1 МАМЫР – ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
 Бүгін мектебімізде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ерекше мерекелік іс-шара өтті! Оқушылар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрлерін таныстырып, ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Бұл күн – татулықтың, достықтың, ынтымақтың жарқын көрінісі. Бір шаңырақ астындағы бірлік – еліміздің ең басты байлығы!