Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, » КГУ «Общеобразовательная школа №3»УO г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №3»
Управления образования города Алматы
Қабылдау :
+7(727) 233-34-75
Бухгалтерия
+7(727) 233-34-60
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
11
декабрь
2020

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Абайдың шығармасын нақышына келтіріп оқыған МАМЕТ ЕРМҰХАМЕТ.
Ермұхамет, жарайсың!