» » Техникалық тапсырма

 
 
 

Техникалық тапсырма

Автор: admin от 3-06-2014, 10:00, посмотрело: 833

0

 

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды

тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін

қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі

 

үлгілік конкурстық құжаттамаға

 

2-қосымша

 

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№3 ЖББМ » КММ білім алушыларды тамақтандыруды

 

ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау

 

бойынша конкурстық құжаттамаға

 

техникалық тапсырма

 

Күнделікті ас мәзірі Алматы қаласының білім беру ұйымы мен Қазақ тағамтану академиясымен бекіткен ас мәзірімен бағасы, салмағы сәйкес болуы тиіс.

 

Бекітілген жеткізуші қызмет көрсету кезінде қажетті құжаттарды бекітіп және төмендегі міндеттерді орындауы тиіс:

 

- Санитарлық ережелерді тағамдарды сақтау ережелерінің орындалуы, тұтынушының қауіпсіздігінің қамтамасыз ету және сапалы тағам беру.

 

- Жұмысқа денсаулығы бойынша рұқсаты бар, кәсіптік, гигиеналық арнайы дайындықтан өткен адамды қабылдау.

 

- Әр жұмысшының жеке Мед.кітапшасының болуы

 

- Жұмысқа қабылданған кезде, уақытылы медициналық тексерістен өтіп отыру (медициналық мекемемен келісім шартқа отыру)

 

- Қажетті құжаттарды күнделікті жүргізу (әр түрлі жұқпалы аурулар туралы және басқа құжаттар)

 

- Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жұмысшының жұмыс жағдайы сәйкес болуы тиіс Санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.

 

- Әр жұмысшыны арнайы киіммен қамтамасыз ету, күнделікті киімнің жуылуын орталықтандыру. (бір жұмысшыға үш комплект киімнен)

 

- Мұздатқыш, желдету және басқа техникалық құралдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жұмыс басында есептеу, тексеру жұмыстарын жүргізу.

 

- Тазалағыш, жуу құралдары, өндірістік инвентар және т.б. материалдардың жеткілікті болуын қамтамасыз ету.

 

- Өткізілген тазалау жұмыстарының бәрін актілеу

 

- Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектің болуы және уақтылы толтырылып отыруы.

 

- Қызмет көрсетушілерімен өткізілетін жұмыстар (семинар, әңгіме, сұрақ, жауап)

 

- Өрт сөндіру құралдарының болуы, бекітілген жеткізушіге ыстық тамақпен қамту қызметін хат кепілдемемен көрсетуіне болады.

 

- Азық-түліктер, тамақ әзірлеу бөліміне түскеннен кейін гигиеналық талапқа сай құжаттармен бекітілуі тиіс. Олардың сапасы, қауіпсіздігі, шыққан күні, сақтау уақыты бәрі құжаттарда жазылуы тиіс. Азық-түлік біткенше құжаттар сақталуы тиіс.

 

- Қызмет көрсету кезінде негізгі азық-түліктің сапасына сапа сертификаты болуы керек.

 

Дайын тағамды тарату дәмін таратылғаннан кейін жүзеге асады. Астың сапасын бағалау брокиражды комиссияны үш адамнан кем емес мүшелерімен жүзеге асады (комиссия мүшелеріне дәрігер, мед бике, аспазшы, білім беру мекемесінің әкімшілігі). Нәтижесі брокераждың «Дайын тағам брокераж» журналына тіркеледі. Нормаға сәйкес келуі тиіс. Бөлінген астың мөлшері ас мәзіріндегі талаптарға сай болуы керек. Ас әзірлеу технологиясының бұзылуы және астың дайын болған кезінде тағам тұтынушыға кемшілігі анықталмай және жойылмай берілмейді.

 

- Күнделікті жұмыс басталардың алдында дәрігер асхана жұмысшыларының жұмысының ұйымдастыруын, тыныс мүшелерінің, қолының таза болуын, тамақ ауруынан, көз ауруынан тексереді.

 

- Тез бұзылатын азық-түліктің арнайы жағдайда сақталуын қамтамасыз ету, мұздатқанда қажетті температурасының сақталуын қадағалау. Температураны қадағалау құралы болмаған кезде мұздатқыштардың температураларын бақылау журналына тіркелуі керек 5 нормаға сәйкес

 

- Әр дайындалған ас мәзірінің техникалық дайындалуын бақылау үшін тәуліктік дәм алынады. Тәуліктен дәм алуды аспаз ұсынысқа сай жүзеге асырады (11 нұсқау, санитарлық ережеге сай) Алынған тағамның сақталуын қадағалауды дәрігер жүзеге асырады.

 

- Өндірістік журнал-жабдықтар, ыдыстар, өндірістік бөлімнің құралдары болып табылатын заттар. Санитарлық-эпидимиологиялық талаптарға сай болуы тиіс және азық-түлікті сақтауға және пайдалануға болатын материалдан дайындалуы тиіс.

 

- Барлық орнатылған өндірістік құралдар мұздату құралдары жұмыс істеуі тиіс, жылда тексеруден өткізілуі керек.

 

- Кейбір техникалық мұздатқыштардың істен шығуына байланысты ас мәзіріне санитарлық нормаға сай дайын тағамдарды пайдалануға беру.

 

- Міндеттеме хатта көрсетілгендей асханадағы ыдыстар мен құралдарды бір орынға кем дегенде 3 комплект ыдыспен қамту, тазалау, жуу жұмыстарын санитарлық ережеге сай болуын және тарату бөлімінде шкафтың болуын қадағалау.

 

- Тамақтануды ұйымдастыру кезінде фарфор, (тарелка, стакан) әйнек ыдыстар пайдалануы қауіпсіз материалдардан жасалған ыдыстарды пайдалану қасық, шанышқы, пышақтар болаттан жасалған және ережеге сай болуы керек.

 

- Жарық, сынық ыдыстар пайдалануға болмайды.

 

 

Оқушыларды тамақтандыру кестесі

 

Кассалық аппараттардың болуы

 

Тамақтарды тасымалдау үшін арнайы құжаты бар, арнайы көлік болуы керек.

 

Құжаты Гос.санэпидемядан берілуі тиіс, Жүргізуші мен тасымалдаушы Медициналық кітапшасы болуы керек.

 

Оқушылардың тұтынуына рұқсат етілмеген тағамдарды (газдалған су, чипсы, энергетикалық сусындар, сағыз, құрамында концерванттар бар тағамдар) тұтынбау және сатпау міндеттеледі.

 

Санитарлық-эпидемиялық тексерістің қорытындысы Гос. санэпидемия ұйымынан мекемеге берілген санитарлық паспорт болуы тиіс.

 

Бекітілген жүргізуші ыстық тамақ қызметін көрсетуге алғаш қатысса кепілдеме хат беруге құқылы.

 

Жыл сайын мектептің асханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті.

 

 

Күні 02/06/2014ж.

 

 

И.о.директор Атенова З.О. ____________ М.О

 

 

 

 

шаблоны для dle

Категория: открытый конкурс

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.